Тура пропорционалдық — x мәні 2 есе, 3 есе артқанда, y мәні де тиісінше 2 есе, 3 есе артатын тәуелділік. Ол y=ax түрінде өрнектеледі. Графигі координаталар басы арқылы өтетін түзу болады: a>0 болса, оңға қарай жоғары, ал a<0 болса, оңға қарай төмен бағытталады.